Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Аңшылық аумағын аралау және санақ жұмыстары

Аңшылық танушылар кезекті аумақты аралап, жабайы жануарлардың санын анықтау және олардың мекендеу орындарын зерттеу бойынша санақ жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар жануарлар әлемінің жағдайын бақылау, олардың популяциясын сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

Шалдай филиалында маңызды техникалық кеңес өтті

 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындылары және 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, күзгі орман айналымында жүргізілген ревизия жұмыстарының нәтижелері қаралды.

Кеңес барысында өрт қауіпсіздігін арттыру, алдын алу шараларын күшейту және орманды тиімді қорғау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Алдағы маусымға дайындық жоспарлары мен негізгі бағыттар айқындалды.

Орманды сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌲🔥

Read more ...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар -кеңес

Шалдай филиалының қызметкерлерімен орман шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпарат беріліп, оның алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында нақты шаралар талқыланды.

Семинарда орман ресурстарын басқару мен қорғауда ашықтықты қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заманауи әдістерді қолдану мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және оның талаптары туралы түсініктемелер берілді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, орман шаруашылығында заң бұзушылықтарға жол бермеу және кәсіби әдептілікті сақтау. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер берілді.

Read more ...

 Құрметті Резерваттың қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз – резерватымыздың тұрақты дамуы мен экономикалық жетістігінің кепілі. Табысты жұмыстарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және кәсіби шеберліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.

Жаңа жетістіктер, мол табыс, мықты денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Қаржы саласында жасайтын еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Өрт қауіпті маусымы ресми түрде аяқталды!

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен өрт қауіпті маусымы аяқталды.

📌 Биыл резерват аумағында 38 орман өрті оқиғасы тіркеліп, жалпы ауданы 4,3 гектарды құрады.

📊 2023 жылмен салыстырғанда өрт саны 75%-ға, ауданы 99%-ға азайды.

🌱 Орман өрттерімен күресіп, табиғатты қорғауда қолдау көрсеткен барлық жандарға алғысымызды білдіреміз! Орманымызды өрт шалмасын!

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

📝 2024 жылғы 21 қарашада «Ертіс орманы» табиғи резерваты бас директорының м.а. Әметов Қазбек Қасымұлы Шақа ауылдық округінде жеке қабылдау жүргізеді.

📍 Қабылдау мекенжайы: Шақа ауылы. Бесқарағай филиалының ғимараты.

🕑 Қабылдау уақыты: 11.00-ден 13.00-ге дейін.

Кез келген адам өз сұрақтары мен ұсыныстарын айта алады.

☎ Келесі телефондар арқылы жазыла аласыздар: 8(71836) 32252, +7 (777) 5450945

Резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

🖇 Азаматтардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді.

☎ Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон.

Read more ...

2024 жылғы Орман қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі!

🌲Біз үлкен қуанышпен орман қалпына келтіру іс-шараларының сәтті аяқталғанын хабарлаймыз! Биыл 2841 гектар аумаққа 12 миллионнан астам кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды. Бұл – экожүйемізді сақтау мен болашағымызға қосқан зор үлес.

Еліміздің орман байлығын көбейтуде көрсеткен қолдауларыңызбен көмектеріңізге алғыс білдіреміз!

#ОрманҚалпынаКелтіру #Экология #ТабиғатҚорғау #ЖасылПланета #Қарағай

 

Бүгін жас орманшылар табиғатты жасылдандыруға өз үлестерін қосты

🌳 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында балалар қарағай көшеттерін отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатты қорғауға атсалысты.

Әр отырғызылған ағаш – таза ауа мен жасыл әлемнің кепілі.
Жас орманшыларымызға алғысымыз шексіз! 🌍💚

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

“Ертіс орманы” орман табиғи резерватында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.

Бұл акция әртүрлі аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді.

Туризм бөлімі қызметкерлері мен Садықащы орманшылығының орманшылары “Қарағай алаңы” қонақ үйінің аула алаңын абаттандыру бойынша акция өткізіп, ақ қайың көшеттерінің аллеясын отырғызды.

Біз әрбір қазақстандықты қоршаған ортаны жақсарту бойынша өз үлесін қосуға шақырамыз: қоқысты тастамаңыз, көбірек ағаштар, бұталар отырғызыңыз!

Read more ...

36 бет. Барлығы: 60

  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы