Торайғыров университеті мен Марғұлан университетінің қауымдастырылған профессорларымен бірлесіп, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары шөптесін өсімдіктерге арналған мониторингтік алаңдардың түгендеу жұмыстарын жүргізді.
⠀
Мақсат – резерват аумағындағы дала экожүйелерінің жай-күйі мен биологиялық алуантүрлілігін бағалау.
⠀
Мұндай зерттеулер табиғи тепе-теңдікті сақтау мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тұрақты басқару үшін аса маңызды.