Жаз мезгіліндегі жоғары температура жабайы жануарлар үшін қиын кезеңдердің бірі болып саналады. Осыған байланысты «Ертіс орманы» резерватының қызметкерлері жануарларға арналған жасанды суаттарды тазалау және техникалық күтім жасау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Аталған суаттар – орман аумағындағы жабайы жануарлар үшін маңызды тіршілік көзі. Суаттардың санитарлық жағдайын бақылау, лайдан және қоқыстан тазарту, су деңгейін қадағалау — жануарлардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жануарлардың ізі мен су маңындағы белсенді қозғалыстар бұл суаттардың тиімді және қажет екенін көрсетеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Табиғатқа жанашырлық — тіршілікке құрмет!