Жаңалықтар
Шалдай филиалының қызметкерлерімен орман шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпарат беріліп, оның алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында нақты шаралар талқыланды.
Семинарда орман ресурстарын басқару мен қорғауда ашықтықты қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заманауи әдістерді қолдану мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және оның талаптары туралы түсініктемелер берілді.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, орман шаруашылығында заң бұзушылықтарға жол бермеу және кәсіби әдептілікті сақтау. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер берілді.
Сіздерді Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз – резерватымыздың тұрақты дамуы мен экономикалық жетістігінің кепілі. Табысты жұмыстарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және кәсіби шеберліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
Жаңа жетістіктер, мол табыс, мықты денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Қаржы саласында жасайтын еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен өрт қауіпті маусымы аяқталды.
📌 Биыл резерват аумағында 38 орман өрті оқиғасы тіркеліп, жалпы ауданы 4,3 гектарды құрады.
📊 2023 жылмен салыстырғанда өрт саны 75%-ға, ауданы 99%-ға азайды.
🌱 Орман өрттерімен күресіп, табиғатты қорғауда қолдау көрсеткен барлық жандарға алғысымызды білдіреміз! Орманымызды өрт шалмасын!
📝 2024 жылғы 21 қарашада «Ертіс орманы» табиғи резерваты бас директорының м.а. Әметов Қазбек Қасымұлы Шақа ауылдық округінде жеке қабылдау жүргізеді.
📍 Қабылдау мекенжайы: Шақа ауылы. Бесқарағай филиалының ғимараты.
🕑 Қабылдау уақыты: 11.00-ден 13.00-ге дейін.
Кез келген адам өз сұрақтары мен ұсыныстарын айта алады.
☎ Келесі телефондар арқылы жазыла аласыздар: 8(71836) 32252, +7 (777) 5450945
🖇 Азаматтардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді.
☎ Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон.
🌲Біз үлкен қуанышпен орман қалпына келтіру іс-шараларының сәтті аяқталғанын хабарлаймыз! Биыл 2841 гектар аумаққа 12 миллионнан астам кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды. Бұл – экожүйемізді сақтау мен болашағымызға қосқан зор үлес.
Еліміздің орман байлығын көбейтуде көрсеткен қолдауларыңызбен көмектеріңізге алғыс білдіреміз!
#ОрманҚалпынаКелтіру #Экология #ТабиғатҚорғау #ЖасылПланета #Қарағай
🌳 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында балалар қарағай көшеттерін отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатты қорғауға атсалысты.
Әр отырғызылған ағаш – таза ауа мен жасыл әлемнің кепілі.
Жас орманшыларымызға алғысымыз шексіз! 🌍💚
“Ертіс орманы” орман табиғи резерватында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.
Бұл акция әртүрлі аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді.
Туризм бөлімі қызметкерлері мен Садықащы орманшылығының орманшылары “Қарағай алаңы” қонақ үйінің аула алаңын абаттандыру бойынша акция өткізіп, ақ қайың көшеттерінің аллеясын отырғызды.
Біз әрбір қазақстандықты қоршаған ортаны жақсарту бойынша өз үлесін қосуға шақырамыз: қоқысты тастамаңыз, көбірек ағаштар, бұталар отырғызыңыз!
«Ертіс орманы» МОТР РММ келесі орманшылықтарында отындық ағаш бар Шалдай филиалы (Шарбақты ауданы):
Шалдай орманшылығы
Садықащы орманшылығы
Степной орманшылығы
Заводской орманшылығы
Шошқалы орманшылығы
Первомай орманшылығы
Бауыртал орманшылығы
Галкин орманшылығы
Кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris) тұқым жинауға жарамды бүршіктері келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Жетілген және табиғи түсі қоңыр: Бүршіктер толық жетілген, қоңыр түске айналған болуы қажет. Жасыл немесе жартылай піспеген бүршіктер сапалы тұқым бермейді, сондықтан толық піскенін күту керек. Қарағай бүршіктері әдетте күздің соңында немесе қыс басында піседі.
2. Қабыршақтары тығыз жабылған: Піскен бүршіктердің қабыршақтары жабық болады, бұл олардың ішінде тұқымның сақталғанын білдіреді. Егер бүршіктің қабыршақтары ашылып кеткен болса, ішіндегі тұқымдар түсіп кеткен болуы мүмкін, сондықтан қабыршақтары тығыз жабылған бүршіктерді жинау керек.
3. Сау және зақымданбаған: Тұқым алу үшін сау бүршіктерді таңдау маңызды. Көгеру, жәндіктердің зақымдауы немесе шіріген іздері байқалатын бүршіктерді пайдаланбау қажет, себебі мұндай бүршіктердегі тұқымдар сапасыз болуы мүмкін.
4. Ірі және салмақты: Ірі, салмақты бүршіктерді таңдау ұсынылады, себебі оларда көп мөлшерде және сапалы тұқымдар бар. Мұндай бүршіктер тұқымдық мақсатқа қолайлы, әрі тұқымдардың өну қабілеті де жоғары болуы ықтимал.
Осы параметрлерді ескере отырып, кәдімгі қарағай бүршіктерінен сау және өміршең тұқымдарды алу ықтималдығы едәуір артады, бұл оларды ормандарды қалпына келтіру үшін сәтті пайдалануға мүмкіндік береді.