«Ертіс орманы» резерватының аңшылық мамандары орман аумағында тұрақты түрде қорғау және рейдтік шаралар жүргізуде. Қазіргі таңда жабайы жануарларға арналған қолдан суаттардың жай-күйіне ерекше назар аударылып отыр.
💧 Резерват аумағында 70 жасанды суат бар. Бұл суаттар жануарлардың ыстық маусымда шөлін қандыратын маңызды орын.
Атқарылатын жұмыстар:
– Суаттарды тазарту,
– Жануарлардың келуін фото-видео бақылау арқылы тіркеу.
🐾 Су бетіндегі жүн қалдықтары мен іздер, фототұзақтар арқылы алынған бейнематериалдар жабайы жануарлардың суаттарға тұрақты келетінін дәлелдейді.
📍 Бұл шаралар жануарлардың ыстық кезеңде өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, олардың популяциясын сақтауға көмектеседі.
#Ертісорманы #Аңшылыққызмет #ЖабайыТабиғат #Суаттар #Экология #Фототұзақ #WildlifeKazakhstan