Жаңалықтар
Резерват аумағында құстардың **50 түрі** мекендейді, олардың ішінде **4 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына** енгізілген. Бұл сирек кездесетін құстарды қорғау және олардың тіршілік ету ортасын сақтау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі және экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысы ерекше және қоршаған ортаның байлығын көрсетеді.
Құстар күніне орай табиғатқа қамқор болуға және құстарды қорғауға үлес қосуға шақырамыз!
28 наурыз күні резерватта Үйлестіру кеңесі өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Төрағаны, хатшыны сайлау және үйлестіру кеңесі құрамын бекіту.
2. Туризм және экологиялық ағарту бөлімінің 2023 жылғы есебі.
3. Экологиялық туризмді дамыту мәселелерін қарастыру:
- Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалану үшін жер учаскелерін беру;
- Экологиялық бекеттерді орнату қажеттілігі;
- Инфрақұрылымды дамыту бас жоспарын түзету.
ҚР Төтенше жағдайлар және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің «Мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясының қызметкерлерін, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидалары бекіту туралы" бірлескен бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап наурыз аралығында «Ертіс орманы» табиғи резерватының 50-ден астам қызметкерлері М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының оқу орталықтары базасында «Өрт қауіпті маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрттің алдын-алу шаралары туралы» оқытудан өтті.
Біздің резерваттың орман алқабының жалпы аумағы 277 961 гектарды құрайды. Бұл орманды алқаптар экологиялық тепе-теңдікті сақтауда, биоалуантүрлілікті қорғауда және климаттың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық орман күні табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Ормандар – тек таза ауаның қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар көптеген өсімдіктер мен жануарлардың мекені және жергілікті қауымдастықтар үшін баға жетпес табиғи ресурс.
Ормандарды қорғау және сақтау жөніндегі бастамаларға қосылып, олардың маңыздылығы туралы көбірек біліңіз!
Жыл сайын 20 наурызда күн мен түннің теңелуіне сәйкес Халықаралық Жер күні атап өтіледі. Бұл күн табиғатты қорғаудың, Жер ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу үшін арналған.
Жер күні – бұл экология мәселелері туралы ойлануға, сондай-ақ табиғатты сақтауға үлес қосуға тамаша мүмкіндік. Әр адам өз күнделікті іс-әрекеттерімен табиғатты қорғауға ықпал ете алады. Мысалы, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу, энергияны тиімді пайдалану және табиғатты қорғауға бағытталған жобаларға қатысу – бұның бәрі біздің планетамыз үшін маңызды қадамдар.
Біздің резерватқа келіп, табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалап, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысуға шақырамыз. Сондай-ақ, сіз жердің табиғи байлықтарын сақтау жолдары туралы көбірек біле аласыз.
Бірге әрекет етіп, Жерімізді келер ұрпаққа сақтап қалайық!
Жыл сайын "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында жабайы жануарлар санын сақтау және көбейту үшін биотехникалық іс-шаралар кешені және жабайы жануарлар мен құстардың санына сана қжүргізіледі. Жыл сайынғы санақ жүргізу оларды резерват аумағы бойынша бөлу, санының, шоғырлану орындарының болуы туралы қажетті деректерді алуға, жануарлдардың санына байланысты биотехниялық іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ұлттық киім белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан.
Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында табиғи резерват орманшылары мен мамандары Ұлттық киім күнін атап өтті.
Орманшылар бұл мерекені қолдап, асыл қазынамыз ұлттық киімдерімізді киюді қолға алып, ұлттық құндылығымыз, мәдениетімізді дәріптеу мақстында формаларын ұлттық костюмдерге ауыстырды.
Жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурыз күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорының м.а. Қазбек Қасымұлы Әметов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Келіп түскен өтініштерді мұқият қарап, түсініктемелер берілді.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон
Құрметті Қазбек Қасымұлы!
Сізді бүгінгі келіп жеткен туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің басты байлығы орманды қорғауда жасап жатқан еңбегіңіз әрқашан жана берсін!
Өз ісіңізге жауапкершілігіңізбен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!
Отбасыңыз әрдәйім аман болып, ырыс- бағыңыз ортаймасын, мерейіңіз үстем болсын!
І/Н “Ертіс орманы” МОТР РММ ұжымы
20 жылға жуық жыл он екі ай өскіндерді өсіріп,күтіп, табиғатпен біте қайнасқан Дариға Сапарованың еңбегін атап өтуді жөн көрдік.
Шалдай орман шаруашылығында еңбек ететін Дариға Сапарованы әмбебап әйел деуге болады. Өйткені ол жазда осындағы орман тұқымбағында, ал қыста ағаш тұқымын алумен айналысады. Айтуынша, екеуі де оңай емес, жауапкершілігі мол. Дариға Сапарова, орман шаруашылығының қызметкері: - Мұнда жұмыс істеу қиын. Екінің бірінің қолынан келмейді. Тұқым алу үшін бұл жерде үнемі пеш жанып тұрады. Яғни өте ыстық. Қондырғыға түскен қарағай бүршігін қатты күйдіріп алмау керек. Соны да қадағалап тұрамыз. Ол күйіп кетсе, тұқым да жарамай, сараптамадан өтпей қалады. Жаздың ыстығы мен күн райының түрлі қолайсыздығына қарамастан тұқымбақта көшеттерді сеуіп, оларды күтіп баптап тиісті отырғызу материалына жеткізуде осы Дариға Сапаровамен оның әріптестерінің мойынында. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Дариға Сапарова бірнеше рет марапатқа ие болды.
Орманшы әйел ер әріптестерін сұлулығы мен мейірімділігіне тәнті етуімен қатар, ең алдымен еңбекші әйелге, үй шаруасындағы әйелге деген құрмет сезімін оятады!