А.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтында «жабық тамырлы отырғызу материалын өсіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік орман табиғи резерватының мамандары да қатысты.

Жиын барысында Беларусь және Татарстан Республикаларының жабық тамырлы жүйедегі орман тұқымбақтарын дамыту тәжірибесі таныстырылды.

Презентацияда мұндай бірегей кешенді құру үшін:
— ғылыми негіз,
— білікті кадрлар,
— шетелдік тәжірибені зерттеу,
— жарық (күн энергиясы),
— тұщы су көздері,
— сапалы субстраттар қажет екені айтылды.

Жиын соңында Щучинск қаласындағы Орман тұқымбағы кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Мұнда биылғы сәуір мен маусым айлары аралығында 500 000 дана қарағай көшеттері (биіктігі 10–15 см) өсірілді.