Бүгін Шалдай орта мектебінің» 6-сынып оқушыларына «Биоалуантүрлілікті сақтайық»тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шараны туризм және экологиялық ағарту бөлімі мамандары Шалдай филиалының аңшылықтанушыларымен бірлесіп ұйымдастырды.

Оқушылар туған өлкенің табиғи ерекшеліктерімен танысып, табиғаттағы биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінді.

Сонымен қатар, жануарлар жазда су ішетін суаттар мен қыста азық қойылатын алаңдар туралы ақпарат берілді. Онда аңшылықтанушылар шөр, қайың мен көктеректен дайындалған сыпырғыштар, сондай-ақ жануарларға қажет тұз қояды.

Оқушылар жануар іздерін зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. Аңшылықтанушы бұл аймақта кездесетін жануар түрлерін және іздері арқылы қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген қамқорлықты арттырады.