МОТР РММ “Ертіс орманы” мен Аққулы ауданы білім бөлімі арасында жасалған меморандум аясында аудан мектептерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.
Меморандумның басты мақсаты - оқушылардың экологиялық тәрбиесі.
Бүгін Шақа мектебінің базасында “САЯБАҚТАР ШЕРУІ-2024” экологиялық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Шараға аудан мектептерінен 80-ге жуық оқушы қатысты.
Салтанатты ашылуға МОТР РММ “Ертіс орманы” туризм және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Нурумова Гульнар Раильевна және педагогтар қатысты.
Жоспарға сәйкес, оқушылар Мерғалым ауылындағы қасиетті жерге; орман тұқымбағына және өрт сөндіру станциясына барды. Шара соңында оқушыларға таза ауада тимбилдинг ұйымдастырылды. Спорттық ойындар ойналып, гитарамен ән айтылды.
Шараның барлық қатысушылары белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

IMG_8685.JPGIMG_8690.JPGIMG_8691.JPG