Құрметті өңір тұрғындары! Жоғары ауа температурасына және өрт қауіптілігінің жоғары класына Павлодар облысы әкімдігінің «Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы» қаулысының негізінде ормандарға баруға шектеу қойылғаны туралы хабарлаймыз.
Ормандарды өрттен сақтау-әр азаматтың міндеті. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ЕҚТА аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100 және одан жоғары АЕК құрайды.
Егер өртті өз күшімен жою мүмкін болмаса, ол туралы келесі телефон арқылы орман күзеті немесе ТЖ қызметкерлеріне хабарлауды ұмытпаңыз.
8 (71836)32-2-22, 8 (7182)78-77-32 немесе 112 101.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАҢЫЗ!