«Ертіс орманы» МОТР РММ мамандары Бекмұрат Уахатов атындағы мектептің оқушыларына «Биоалуантүрлілік дегеніміз не және ол неге маңызды?» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Оқушылар тірі ағзалардың алуан түрлілігінің тұрақты экожүйелерді сақтаудағы рөлін, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын және әрбір адамның оны қорғауға қалай үлес қоса алатынын білді.
Мұндай кездесулер экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.



