Шарбақты ауданының мектептерінде қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Акцияға Шегірен мектебі де белсенді қатысады. Мұнда оқушылар үшін экологиялық ойындар ұйымдастырылып, мектеп аумағын тазалау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға арналған шығармашылық шеберлік сабақтары өтуде.
Шегірен мектебінің педагогикалық ұжымы табиғатқа саналы әрі жауапкершілікпен қарайтын, оның болашағына қамқор бола алатын жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат етеді.
Біз бірге балаларды қоршаған ортаны бағалауға және еліміздің таза әрі жасыл болашағына өз үлесін қосуға үйретеміз!





