2026 жылғы 21 қаңтарда «Павлодар облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Елюбаев Ш.Б., сондай-ақ Орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы Қабильдинов А.С. «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандарына оқыту-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

 Іс-шара аясында келесі негізгі мәселелер қаралды:

— төтенше жағдайлар кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмдері;

— орман өрттері туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі;

— хабарлау және күштерді үйлестіру сызбасы;

— табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою жоспары;

— өрт ошақтарын оқшаулау және жою үшін қажетті күштер мен құралдарды есептеу тәртібі.

 

Аталған іс-шара персоналдың дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрі үйлесімді әрекет етуді қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

image-21-01-26-04-36.jpgimage-21-01-26-04-36-1.jpgimage-21-01-26-04-36-2.jpgimage-21-01-26-04-36-3.jpgimage-21-01-26-04-36-4.jpg