«Ертіс орманы» МОТР РММ Бесқарағай филиалының қызметкерлері үшін әдеп жөніндегі уәкілетті М.З.Есумканов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ қызметте ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, ұжымдық жауапкершілік пен адал еңбектің қағидаттарын нығайту мәселелері қарастырылды.
Осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу ұжымда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.


