Тексеру Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 27-03/62-НҚ бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Комиссия құрамына орман қорын қорғау және сақтау саласында қызмет жүзеге асыратын бейінді ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері кірді.
Тексеру барысында өрт қауіпті маусымға күштер мен құралдардың дайындығы, өртке қарсы техника мен жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша дайындық деңгейін арттыруға және орман ресурстарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи байлығын сақтау мақсатында жалғастырылатын болады.


