«Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Жанауыл жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына «Таза Қазақстан — болашақ кепілі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді

Жылы әрі достық атмосферада оқушылар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын, қоқысты дұрыс сұрыптау мен кәдеге жарату жолдарын, сондай-ақ айналамыздың тазалығын сақтауға көмектесетін қарапайым әдеттерді талқылады

Интерактивті бөлім ерекше қызығушылық тудырды: экологиялық ойындар арқылы мектеп оқушылары білімдерін бекітіп қана қоймай, күнделікті заттарға жаңа қырынан қарады.

Кездесудің шығармашылық қорытындысы ретінде оқушылар экологиялық кластерлер жасап, таза әрі үйлесімді әлем туралы өз көзқарастарын бейнелеп, идеяларын сенімді түрде қорғады

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатты қорғауға дайын екенін және бүгіннен бастап әлемді жақсы жаққа өзгертуге үлес қосып жатқаның көрсетеді

 

 

image-30-04-26-08-38.jpegimage-30-04-26-08-38-1.jpegimage-30-04-26-08-38-2.jpegimage-30-04-26-08-38-3.jpegimage-30-04-26-08-38-4.jpegimage-30-04-26-08-38-5.jpegimage-30-04-26-08-38-6.jpegimage-30-04-26-08-38-7.jpeg