«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында МОТР РММ «Ертіс орманы» орман өрт сөндіру станциясы мен бүршік кептіру цехының қызметкерлері аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша сенбілік өткізді.

Жүргізілген жұмыстар барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, іргелес аумақтар тазартылды, сондай-ақ өндірістік аймақ ретке келтірілді. Мұндай іс-шаралар санитарлық жағдайды тиісті деңгейде сақтауға және табиғи ортаны қорғауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, аумақтың тазалығы мен абаттандырылуын сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өткен жөн. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, тазалық талаптарын сақтау және табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысу табиғи мұраны сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

image-26-04-26-02-07.jpgimage-26-04-26-02-07-1.jpgimage-26-04-26-02-07-2.jpgimage-26-04-26-02-07-3.jpgimage-26-04-26-02-07-4.jpgimage-26-04-26-02-07-5.jpg