МОТР РММ «Ертіс орманы» барлық өрт сөндіру қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймы!

Сіздердің еңбектеріңіз — ерлікке толы, батылдықты, жауапкершілікті және толық жанқиярлықты талап ететін күнделікті жұмыс. Сіздер орман байлығын қорғап, адамдар мен жануарлардың өмірін сақтап, табиғатты келер ұрпақ үшін аман алып қалудасыздар.

Ерекше алғыс — орман өрт сөндірушілеріне! Қиын жағдайларда отпен күресіп, табандылық, рух күші мен жоғары кәсібилік танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз.

Қызметтеріңізде дабыл шақырулары аз болып, әр күн сіздерге сенім, денсаулық және амандық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, күш-қуат және сенімді тірек тілейміз!

💚 Еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!