«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында МОТР РММ «Ертіс орманы» туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Майқарағай ауылдық округі әкімдігінің мамандарымен, Аққулы ауданы Майқарағай ауылының Мәдениет үйімен және Майқарағай ЖОББМ оқушыларымен бірлесіп алма және шырғанақ көшеттерін отырғызды.
🌿 Отырғызу жұмыстарының мақсаты — аумақты көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи ресурстарды сақтау және көбейту.
Осындай іс-шаралар тұрғындарды біріктіріп, экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді және елді мекендерімізді көркейтіп, жасыл әрі жайлы етеді.



