7 мамыр — ерлік пен батылдықтың, рух күшінің, жауапкершілік пен Отанға адал қызмет етудің символына айналған ерекше мереке. Осы күні мекеменің ер азаматтарына шынайы алғыс пен ізгі тілектер айтылды.
«Ертіс орманы» МОТР РММ басшылығы мен қызметкерлері ер азаматтардың ұжымның тұрақты әрі үйлесімді жұмысына қосып жүрген үлесін, кәсібилігін, жауапкершілігін және туған өлкенің табиғи байлығын қорғаудағы жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында ер азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды. Мерекелік көңіл-күй, жылы лебіздер мен көрсетілген құрмет олардың еңбегі мен өз ісіне деген адалдығына білдірілген шынайы ризашылықтың белгісі болды.
«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымы барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мықты денсаулық, амандық, бейбіт өмір, қызмет пен еңбекте табыс, отбасылық бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейді!

