Борабай орманшылығының қызметкерлері туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандарымен бірлесіп орман жиегін тазарту жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында орман жиегі тұрмыстық қалдықтардан және өрт қаупін тудыратын жанғыш материалдардан тазартылды. Мұндай жұмыстар орманның санитарлық жағдайын жақсартып, орман өрттерінің алдын алуға, сондай-ақ келушілер үшін табиғи аумақтардың қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз🌿💚

#ЕртісОрманы#БорабайОрманшылығы #ТазаОрман