«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында орман аумақтарының тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза орман» экологиялық акциясы өткізілді.

Акция барысында мекеме қызметкерлері орман алқаптарын тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Осындай іс-шаралар табиғи байлықты сақтауға, ормандардың экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза орман – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты келер ұрпаққа аман жеткізу – бәріміздің міндетіміз.

#ЕртісОрманы#ТазаОрман#ТазаОрманАкциясы#ТабиғаттыАялайық #ТазаҚазақстан