Көктемгі және күзгі кезеңдерде отырғызылған орман екпелерінің жерсінуі мен сақталу деңгейін анықтау мақсатында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері бұрын құрылған уақытша сынақ алаңдарында ай сайын мониторинг жүргізуде.

Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша әртүрлі мерзімде отырғызылған орман екпелерінің жерсінуі мен сақталуына объективті баға берілетін болады. Бұл отырғызу мерзімдерінің тиімділігін анықтауға және резерват жағдайында орман өсірудің табыстылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

#ЕртісОрманы#ОрманШаруашылығы #ОрманҚалпынаКелтіру #ОрманЕкпелері#Экология#ОрманМониторингі#ҒылымЖәнеТабиғат#ОрманҚорғау#ЖасылҚазақстан #ОрмандыСақтау