Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өміріңіздің әрбір жылы еңбексүйгіштік пен парасаттылықтың үлгісі болып келеді. Сіздің қажырлы еңбегіңіз, ұжымға деген адалдығыңыз бен мейірімді жүрегіңіз біз үшін үлкен мақтаныш.

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының дамуына қосқан зор үлесіңіз бен ұзақ жылғы жемісті еңбегіңізге алғыс айтамыз.
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр және жаңа бақытты сәттер тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

Ізгі тілекпен,
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымы