Қос ару — Айдарханова Жанат Советовна мен Ахметова Анжелла Асылхановна — Бесқарағай филиалының диспетчерлік қызметінің операторлары, табиғи резерваттағы аса маңызды қызметті абыроймен атқарып жүрген жандар.

Диспетчер – бұл жай ғана техникалық маман емес. Бұл – орманның тыныштығы мен қауіпсіздігіне алғашқы жауап беретін адам. Әрбір келіп түскен ақпараттың шұғыл өңделуі, тиісті топтарға нақты әрі жедел жеткізілуі – диспетчердің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Әсіресе орман өрті кезінде бұл қызметтің маңызы еселене түседі:
- Мұнарадан келіп түскен ақпаратты қабылдау,
- Картадан өрт орнын дәл анықтау,
- Өрт сөндіру тобына нақты бағыт беру – бұл әрекеттер әр секундпен өлшенеді.

Жанат Советовна мен Анжелла Асылхановна өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарап, төтенше жағдайлардың алдын алуда үлкен үлес қосып келеді.

Табиғи резерваттағы орталық диспетчерлік қызмет – нағыз «жүрек» десек, ол жүректің тоқтамай соғып тұруы осы қос арудың қажырлы еңбегінің арқасы.

 

 image-16-10-25-07-24.jpegimage-16-10-25-07-24-1.jpegimage-16-10-25-07-24-2.jpeg