Жакенов Азамат — орман шаруашылығында 35 жылдық мінсіз қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі маман. Еліміздің басты мерекелерінің бірі — Республика күнімен түйісіп жатқан бұл сан кездейсоқ сәйкестік емес.
1990 жылы Республика күні алғаш рет аталып өтсе, дәл сол жылы Азамат Жакенов та туған өлкесінің орманын қорғау жолында алғашқы еңбек қадамын жасаған.
Содан бері ол талай жасыл көшетті отырғызып, мыңдаған гектар орманды қорғауға өз үлесін қосты. Табиғатты қорғау жолындағы еңбегі — жас ұрпаққа өнеге, елге үлгі.
Табиғат пен Тәуелсіздік – екеуі де сақтауды, құрметтеуді қажет ететін құндылықтар.
Азамат Жакенов — сол құндылықтарды жүрегімен сезініп, өмірімен дәлелдеп жүрген жан.