2025 жылғы 17 қазанда «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 34 бірлік жаңа өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілді. Техниканы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев салтанатты түрде табыстады. Бұл жұмыс орман қорын өрттен қорғау шараларын күшейтуге және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Жаңа арнайы техникалар қозғалыс кезінде өрт сөндіру мүмкіндігімен, кабина мен дөңгелектерді қызып кетуден қорғайтын автоматты суыту жүйелерімен жабдықталған, су сыйымдылығы 3 тонна және қиын өтетін орман алқаптарында жұмыс істеуге бейімделген. Жаңартылған техника дер кезінде әрекет етуге және табиғи өрттердің таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.


