11 қазан күні Шақа орта мектебінде мектеп орманшыларына арналған «Биоалуантүрлілікті сақтайық» тақырыбында дәріс өтті.
Бесқарағай филиалының мектеп орманшылығының шебері Ахмадиева А.А. Шарбақты ауданының сирек кездесетін жануарлары мен өсімдіктері туралы айтып, оларды қорғаудың маңыздылығына тоқталды.
Дәріс барысында биоалуантүрліліктің жойылу себептері — ормандардың кесілуі, қоршаған ортаның ластануы және климаттың өзгеруі туралы талқыланды.
Оқушылар табиғатқа көмектесудің жолдарын — ағаш отырғызу, тазалықты сақтау, табиғатты аялау сияқты әрекеттер арқылы әркімнің үлес қоса алатынын білді.
Мұндай кездесулер оқушылардың экологиялық ойлауын қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.

 

image-13-10-25-06-53.jpegimage-13-10-25-06-53-1.jpegimage-13-10-25-06-53-2.jpegimage-13-10-25-06-53-3.jpegimage-13-10-25-06-53-4.jpeg