Дагиев Аслан Оразұлы — «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің Сейтен орманшылығында орман шебері қызметін атқарып жүрген жауапты маман.
Еңбек жолын орман өрт сөндіру станциясынан бастаған Аслан Оразович бүгінде 10 жылдан астам уақыт бойы туған ауылының орманын қорғауға өз үлесін қосып келеді.
Ол орман алқаптарын заңсыз кесуден қорғап, өрттің алдын алу, орманды қалпына келтіру жұмыстарында белсенді қызмет етіп жүр. Табиғатқа жанашырлық пен кәсіби жауапкершілікті ұштастырған маман — жас буынға үлгі.
«Туған жердің орманы – мен үшін жай жұмыс орны емес, бұл – жүрекпен сезінетін борыш», – дейді ол.
___
⠀




