Серік Қалтайұлы Досумбаев — Шалдай филиалының аңтанушысы.
Ол орман шаруашылығы саласына 33 жыл ғұмырын арнап, соның ішінде 18 жылдан бері аңшылықтанушы болып табанды еңбек етіп келеді.
Серік Қалтайұлының күнделікті атқаратын жұмыстары:
- жабайы жануарларды қорғау және есепке алу;
- рейдтік іс-шаралар өткізу;
- жаз мезгілінде сумен қамтамасыз ету;
- қыс мезгілінде жануарларды қосымша азықпен қамтамасыз ету.
Ол — өз ісінің шебері ғана емес, сондай-ақ Досумбаевтар еңбек әулетінің өкілі. Бұл әулеттің табиғат қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 119 жылға жетіп отыр.
Мұндай тәжірибелі мамандар — еліміздің орман мен табиғатын қорғаудың тірегі.

 

 

image-14-10-25-10-12.jpegimage-14-10-25-10-12-1.jpegimage-14-10-25-10-12-2.jpegimage-14-10-25-10-12-3.jpegimage-14-10-25-10-12-4.jpegimage-14-10-25-10-12-5.jpegimage-14-10-25-10-12-6.jpegimage-14-10-25-10-12-7.jpegimage-14-10-25-10-12-8.jpeg