Резерват аңшылықтанушылары табиғатты қорғау жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда. Қысқы биотехникалық іс-шаралар аясында жануарларды азықпен қамтамасыз ету және аумақты бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге саламыз:
Резерват аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған! Табиғаттың байлығын сақтау – барлығымыздың міндетіміз.
Біз жануарлар үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысудамыз. Егер сіз заң бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу хабарлаңыз:
8 (7182) 78-77-32
102
Табиғатты бірге қорғайық, болашақ ұрпаққа аманаттайық!









