Ағымдағы жылдың 18 қараша күні орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізген «ЕҚТА-да ғылыми қызмет жүргізу» бойынша жиналыста ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары "Ертіс орманы" МОТР РММ ғылыми қызметі бойынша есеп берді және мәселелік сұрақтар көтерілді.


Ғылым, Ақпарат және мониторинг бөлімі өзінің ғылыми қызметін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
2019-2023 жылдарға арналған зерттеуге 4 тақырып қарастырылған.
1. «Ертіс орманы» МОТР РММ табиғи кешеніндегі биоалуантүрліліктің табиғи процестерінің дамуын зерттеу, содан кейін нәтижелерін жыл сайынғы Табиғат шежіресі кітабына енгізу.
2. «Ертіс орманы» МОТР РММ табиғи кешендердің даму динамикасына екпелердің жағдайын бақылау және антропогендік факторлардың әсерін зерттеу.
3. «Ертіс орманы» МОТР РММ орман алқабында таралған карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдерді, сондай-ақ индикаторлық омыртқасыздар топтарын зерттеу,
4. Тұрақты тіркеу маршруттары мен учаскелерінде Қызыл кітапқа енген және жабайы жануарлар мен құстардың индикаторлық түрлеріне тұрақты мониторинг және есепке алу жұмыстарын жүргізу.