I тарау. Кіріспе
Осы тендерлік құжаттама тендерді ұйымдастырушы тарапынан «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының РММ аумағындағы жер учаскесін пайдалануға беру жөніндегі тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларға ұсынылатын әлеуетті тендерге қатысушыларға арналған (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Тендердің мәні
1. Осы тендерлік құжаттама әлеуетті тендерге қатысушыларға олардың тендерге қатысу шарттары туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
2. Тендерді ұйымдастырушы – «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Ертіс орманы» резерваты).
3. Тендер «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында туристік және рекреациялық мақсаттағы жаңа инфрақұрылым объектілерін құру үшін жер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға алу құқығына әлеуетті тендерге қатысушыларды айқындау мақсатында келесі лоттар бойынша өткізіледі:
|
к/б № |
Лоттар |
Объектінің атауы
|
Орналасқан жері және аумақтың көлемі |
Нысаналы мақсаты |
|
1 |
3 |
Демалыс аймағы |
Борабай орманшылығы, 125 орам, 23 телім. Аумағы 10.1га |
«Күрделі құрылыс жүргізбестен, демалыс, қоғамдық тамақтандыру, сауда, абаттандыру объектілері және ілеспе инфрақұрылымы бар экотуристік кешенді орналастыру және пайдалану.» |
|
2 |
4 |
Демалыс аймағы |
Борабай орманшылығы, 125 орам, 23 телім. Аумағы 10,9 га |
«Орман алқабындағы ашық алаңда демалыс объектілерін, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерін, абаттандыру элементтерін және күрделі құрылыс объектілерін салмай қажетті ілеспе инфрақұрылымды қамтитын экотуристік кешенді ұйымдастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.» |
|
3 |
5 |
Демалыс аймағы |
Борабай орманшылығы, 115 орам, 27 телім. Аумағы 3,7 га |
«Қызмет көрсетуге, қоғамдық тамақтандыруға, саудаға арналған күрделі емес объектілерді және абаттандыру элементтерін орналастыру арқылы табиғат аясында жайлы демалысты қамтамасыз ететін экологиялық туристік-рекреациялық кешенді дамыту.» |
|
4 |
6 |
Демалыс аймағы |
Борабай орманшылығы, 95 орам, 14 телім. Аумағы 1 га |
«Жасанды су айдынында әуесқой балық аулауды дамытуды, демалысқа арналған күрделі емес объектілерді орналастыруды және аумақты абаттандыруды қамтитын экотуристік және рекреациялық аймақты ұйымдастыру.» |
|
5 |
13 |
Демалыс аймағы |
Тайбағар орманшылығы, 16 орам, 3 телім, 24 орам, 1 телім, 4 телім. Аумағы 6,3 га |
«Көл жағалауында күрделі емес туристік объектілер мен ілеспе инфрақұрылымды орналастыра отырып, рекреациялық демалыс аймағын абаттандыру.» |
2. Әлеуетті қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі мен біліктілігі
4. Тендерге «Ертіс орманы» резерватының учаскесін қолданыстағы инфрақұрылымымен бірге және туристік әрі рекреациялық мақсаттағы жаңа инфрақұрылым құру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға алу мақсатында тендерге қатысуға ниет білдірген, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жіберіледі.
5. Тендерге қатысу үшін әлеуетті қатысушы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін ұсынуға тиіс.
II тарау. Тендерлік құжаттама
1. Тендерлік құжаттаманың мазмұны
6. Тендерлік құжаттама, тендерді ұйымдастырушы тарапынан әлеуетті қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттама төмендегілерді қамтиды:
1. бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге (тендерлерге) шығарылатын лот (лоттар);
2. тендердің өткізілу уақыты мен орны туралы ақпарат;
3. тендерлік өтінімдерді беру тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімі;
4. жер учаскесін пайдалануға беру шарттары, нысаналы мақсаты және оның техникалық мамандануы ;
5. эскиздік жобаны әзірлеу және күрделі емес құрылыс объектілерін орнату мерзімдері (бұл ретте эскиздік жобаны әзірлеу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспауы тиіс, ал күрделі емес құрылыс объектілерін орналастыру мерзімі үш күнтізбелік жылдан аспауы тиіс);
6. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға, құрылыс объектісі аумағын абаттандыруға, қабаттылыққа, құрылыс барысында қолданылатын материалдарға, құрылыс кезінде пайда болатын қалдықтарды басқаруға қойылатын талаптар ;
7.Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-бабаның 7-тармағына сәйкес, құрылыс салынатын жер участкесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындардың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
8. жер учаскесін таңдау актісі, оның алаңы көрсетіліп, сызбасы қоса берілген.
7) Әлеуетті тендерге қатысушы тендерлік құжаттамада және оның қосымшаларында қамтылған барлық талаптарды, нысандарды және шарттарды мұқият зерделеуге тиіс.
8) Тендерлік құжаттама «Ертіс орманы» резерватының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
9) Әлеуетті қатысушы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға бөлінген учаскемен өз қаражаты есебінен танысуға құқылы.
10) Әлеуетті қатысушы тендерге қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде тендерлік өтінімді ресімдеу, дайындау және ұсыну шығындарын дербес көтереді. Тендерді ұйымдастырушы тендер нәтижелеріне қарамастан, оның ішінде тендер тоқтатылған, өткізілмеген деп танылған немесе қатысушы жеңімпаз деп танылмаған жағдайда да аталған шығындарды өтеуге міндетті емес.
11) Тендерлік құжаттаманың көшірмесі тендерді ұйымдастырушы тарапынан беріледі.
2. Тендерлік құжаттаманы түсіндіру
12. Тендерлік құжаттама жобасы тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын тендерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Тендерлік құжаттама жобасын әлеуетті қатысушылардың алдын ала талқылау мерзімі бес күнтізбелік күнді құрайды.
13. Тендерлік құжаттама жобасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, оны талқылауға қатысатын тұлғалар тендерді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау жолдайды және қажет болған жағдайда оған негізделген ұсыныстар енгізеді.
14. Тендерлік құжаттама жобасына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, тендерлік құжаттаманы тендерді ұйымдастырушы бір жұмыс күні ішінде бекітеді. Ал ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, «Ертіс орманы» резерваты жанындағы үйлестіру кеңесі тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде келесі ұсыныстардың бірін енгізеді:
1) тендерлік құжаттама жобасын өзгерту және (немесе) толықтыру;
2) тендерлік құжаттама жобасына берілген ескертулерді олардың қабылданбау себептерін негіздей отырып қабылдамау;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру.
Алдын ала талқылау қорытындысы бойынша «Ертіс орманы» резерваты бір күндік мерзім ішінде тиісті хаттамаға қол қояды, онда тендерлік құжаттама жобасына келіп түскен ескертулер және үйлестіру кеңесінің қабылдаған ұсыныстары туралы ақпарат қамтылады.
Тендерді ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды. Бұдан кейін алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтіні «Ертіс орманы» резерватының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тендерлік құжаттама көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бекітілген болып есептеледі.
III Тарау. Тендерлік өтінімнің мазмұны мен тілі
14. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы ұсынатын тендерлік өтінім төмендегілерді қамтуы тиіс:
1) лоттарды көрсете отырып, тендерге қатысу туралы еркін нысандағы тендерлік өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) техникалық ерекшеліктер (ұсынылатын жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы, оның ішінде спецификациялар, жоспарлар, сызбалар, эскиздер);
4) пайдаланушы аумағында орналасқан табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау ескеріле отырып;
5) объектілерді салуға жеткілікті қаржы қаражатының бар екендігін және (немесе) қарыз қаражатына қолжетімділікті және (немесе) құрылысқа қажетті тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігін растайтын құжаттар. Қаржы қаражатының болуы тендерге қатысу үшін ұсынылғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей екінші деңгейдегі банк берген анықтамамен расталады. Тендерге қатысушы жобаның бизнес-жоспарын және оның қаржылық-экономикалық моделін қоса ұсынады;
6) салынатын объектілердің болжамды эскизі (эскиздік жоба);
7) туристік және рекреациялық мақсатта табиғи кешендерді, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді пайдаланғаны үшін ұсынылатын баға.
15. Әлеуетті қатысушы дайындаған тендерлік өтінім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде рәсімделіп, ұсынылады.
IV Тарау. «Тендерге қатысу үшін тендерлік өтінімдерді беру.
1. Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар.»
16. Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім баспа түрінде немесе өшпейтін сиямен толтырылуы тиіс, әлеуетті қатысушының өзі немесе оның уәкілетті өкілі қол қоюы және мөрмен (бар болған жағдайда) бекітілуі қажет.
17. Тендерлік өтінім тігіліп, беттері нөмірленген және бау өткізілген түрде рәсімделеді. Соңғы беті әлеуетті қатысушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолымен расталып, мөрмен (бар болған жағдайда) бекітіледі.
18. Тендерлік өтінімде жоларалық қосымшалар, өшірулер немесе түзетулер болмауы тиіс, грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету жағдайларын қоспағанда. Барлық түзетулер ескертіліп, әлеуетті қатысушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолымен расталуы тиіс.
19. Әлеуетті қатысушы тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді мөрленген конвертке салады. Конверттің сыртында міндетті түрде көрсетіледі:
1) әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (белгіленген мерзім бұзылып берілген жағдайда тендерлік өтінімді ашпай қайтару үшін);
2) тендерді ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы:
141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кабинеті;
3) тендердің толық атауы: ««Ертіс орманы» МОТР РММ учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер», сондай-ақ келесі жазу:
«___ «___» 2026 жылға дейін, сағат 00 минутқа дейін АШЫЛМАСЫН» (тендер өткізу туралы хабарландыруға сәйкес конвертті ашу күні мен уақыты көрсетіледі).
20. Тендерлік өтінім тіркелген сәттен бастап оны тендерді ұйымдастырушыға ұсынған тұлға тендерге қатысушы мәртебесін алады.
2. Тендерлік өтінімдерді беру тәсілі, орны және соңғы мерзімі
3. Тендерлік өтінімдер әлеуетті қатысушылар тарапынан тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжай бойынша ұсынылады: индекс 141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кабинеті.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: «___» ________ 2026 жыл, сағат 18:00.
22. Тендерді ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) белгіленген соңғы мерзім өткеннен кейін алынған барлық тендерлік өтінімдерді қабылдамайды, ашпайды және оларды ұсынған әлеуетті қатысушыларға қайтарады.
23. Тендерлік өтінімдер осы тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы тиіс.
3. Тендерлік өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
4. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. Өзгерту өтінімі негізгі тендерлік өтінім сияқты дайындалып, мөрленіп және ұсынылуы тиіс, сондай-ақ «ТЕНДЕРЛІК ӨТІНІМГЕ ӨЗГЕРІС» деген белгі қойылуы қажет. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама тек ол тендерді ұйымдастырушыға тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда ғана жарамды болып есептеледі.
25. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
VI тарау. Тендерлік өтінімдерді ашу және бағалау
1. Комиссияның тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуы
26. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуды Комиссия хатшысы «___» ________ 2026 жылы сағат 00:00-де келесі мекенжай бойынша жүзеге асырады: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ. Комиссия мүшелерінің қатысуымен хатшы тендерге берілген өтінімдер салынған конверттерді кезекпен ашып, өтініш берушінің атауын және конверттердің мазмұнын жариялайды.
27. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні Комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды. Бұл хаттама Комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады және оның куәландырылған көшірмелері тендерге қатысушыларға ұсынылады.
2. Тендерлік өтінімдерді алдын ала зерделеу және қарау
28.Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қарау Комиссия тарапынан тендерге қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
29.Тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде Комиссия қатысушылардан тендерлік өтінімдеріне қатысты түсіндірме беруді жазбаша түрде сұратуға құқылы, бұл өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруды жеңілдету мақсатында жүргізіледі. Тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
Комиссияның тендерлік өтінімді тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестендіруге бағытталған сұраулар, келіссөздер немесе өзге де әрекеттер жасауына, сондай-ақ өтінім беру мерзімі өткеннен кейін оның мазмұнына өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
30. Тендерлік өтінімде түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болған жағдайда, оның мәнін өзгертпей түзетуге мүмкіндік берілсе, Комиссия оны тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
31. Тендерге қатысуға арналған өтінімдер Комиссия тарапынан қарауға қабылданбайды, егер оларда Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі немесе бірнешеуі жоқ болса немесе өтінімді толтыру талаптарына сәйкес келмесе.
3. Ұзақ мерзімді жер пайдалану мерзімін айқындау тәртібі
32. Жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға беру мерзімі тендер нәтижелері бойынша, тендерлік өтінім құрамында әлеуетті қатысушы ұсынған инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жиынтық бағалауын ескере отырып айқындалады.
33. Ұзақ мерзімді жер пайдалану мерзімін айқындау келесі факторлар негізінде жүзеге асырылады:
1) жер учаскесінің орналасқан жері;
2) жер учаскесінің инженерлік және көлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;
3) жоспарланатын капитал салымдарының көлемі;
4) инвестициялық жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі;
5) құрылатын жұмыс орындарының саны.
34. Ұзақ мерзімді жер пайдалану мерзімі жобаның инвестициялық тартымдылық деңгейіне, тендерге қатысушының қаржылық-экономикалық моделінің негізділігіне, сондай-ақ жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік әсерге байланысты белгіленеді.
35. Ұзақ мерзімді жер пайдалану мерзімінің түпкілікті мерзімі Комиссия шешімімен белгіленеді және тендер жеңімпазымен жасалатын жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану шартында бекітілуге жатады.
36. Көрсетілген өлшемшарттар тендерлік құжаттаманың міндетті бөлігі болып табылады және «Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында орналасқан жер учаскелерін беру бойынша тендерлік өтінімдерді қарау және бағалау кезінде қолданылады.
VII тарау. Жеңімпаз тендерлік өтінімді айқындау және шарт жасасу
37. Тендерлік өтінімдерді бағалау конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Комиссиямен жүргізіледі.
38. Тендерлік өтінімдерді бағалау Комиссия тарапынан жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану үшін ең тиімді шарттарды ұсынған қатысушыны айқындау қағидатына негізделе отырып, Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
39. Басқа үміткерлер болмаған жағдайда, Қағидалардың 23-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған жалғыз қатысушы тендердің жеңімпазы деп танылады.
40. Егер қатысушылардың тендерлік өтінімдері Комиссия тарапынан тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, тендер өтпеді деп есептеледі.
41. Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана тендер жеңімпазын анықтау бойынша Комиссия отырысы өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысын алған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Комиссия мүшесі Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін жазбаша түрде білдіріп, оны «Ертіс орманы» МОТР РММ учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер қорытындысының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындысының хаттамасы) қоса береді.
42. Әрбір лот бойынша тендер қорытындысының хаттамасына Комиссияның барлық қатысқан мүшелері мен хатшысы қол қояды және онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтініш берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері мен алаңы;
4) тендерлік өтінімдерді бағалау;
5) Комиссияның шешімі.
43. Тендер қорытындысының хаттамасына қол қойылған сәттен бастап «Ертіс орманы» резерваты тендер жеңімпазына тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартты (бұдан әрі – шарт) бес жұмыс күні ішінде жасасады. Шарт жасалғаннан кейін жеңімпаз «Ертіс орманы» резерваты учаскесін пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) деп танылады.
44. Тендер жеңімпазы хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарт жасасуға келмеген жағдайда, бұл «Ертіс орманы» резерваты учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қарастырылады. Комиссия Қағидалардың 23 және 30-тармақтарына сәйкес қалған қатысушылар арасынан ұзақ мерзімді пайдаланудың ең тиімді шарттарын ұсынған жеңімпазды қайта айқындайды және (немесе) аталған лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
45. Тендер нәтижелері мен хаттамасы «Ертіс орманы» резерваты тарапынан тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста жарияланады.
46. Қатысушы Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана мүмкін болады.
47. Шарт жасалған күннен бастап пайдаланушы бір күнтізбелік жыл ішінде эскиздік жобаны дайындап, оны құрылыс күнтізбелік жоспарымен бірге «Ертіс орманы» резерватына ұсынады.
48. «Ертіс орманы» резерваты эскиздік жоба мен құрылыс күнтізбелік жоспары ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны келісуден өткізеді.
49. Пайдаланушы эскиздік жобаны «Ертіс орманымен» келісуді 30 күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
50. Пайдаланушы «Ертіс орманы» резерватының оң келісімін алғаннан кейін, бұл туралы резерватты жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, күрделі емес құрылыс объектілерін салуды бастайды.
51. Эскиздік жобаны уақтылы әзірлемеген және (немесе) тендерлік құжаттамада белгіленген күрделі емес құрылыс объектілерін орнату мерзімдерін бұзған жағдайда, «Ертіс орманы» резерваты шартты біржақты тәртіппен бұзады.
52. Пайдаланушы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін берілген учаскеден бас тартқан жағдайда, ол құрылыс объектілерін бөлшектеп, алып тастайды және оларды қабылдау-тапсыру актісі бойынша «Ертіс орманы» резерватына тапсырады.
VIII Тарау. Құрылыс бойынша талаптар
1. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қойылатын талаптар
1.1. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы:
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген эскиз (эскиздік жоба) негізінде;
* Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1.2. Жобалық шешімдер объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін, қоршаған ортаға ең аз әсерді және аумақтың функционалдық мақсатына сәйкестікті қамтамасыз етуі тиіс.
2. Іргелес аумақты абаттандыруға қойылатын талаптар
2.1. Пайдаланушы құрылыс объектісінің аумағын кешенді абаттандыруды көздеуге міндетті, оның ішінде:
* осы табиғи аймаққа тән өсімдік түрлерін пайдалана отырып аумақты көгалдандыру;
* жаяу жүрушілер жолдары мен алаңдар жасау;
* қоршаулар орнату (қажет болған жағдайда);
* шағын сәулет нысандарын орналастыру;
* бұзылған топырақ-өсімдік жабынын қалпына келтіру.
2.2. Абаттандыру жұмыстары объектінің құрылысымен бір мезгілде орындалуы тиіс.
3. Қабаттылыққа және қолданылатын құрылыс материалдарына қойылатын талаптар
3.1. Объектілерді жобалау және салу кезінде:
* қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің (ҚНжЕ ҚР, ЕЖ ҚР, санитариялық нормалар мен ережелер) талаптары сақталуы тиіс;
* бекітілген эскиздік жобаның параметрлеріне сәйкестік қамтамасыз етілуі тиіс;
* экологиялық қауіпсіз және сертификатталған құрылыс материалдары қолданылуы тиіс;
* энергия тиімділігі мен ұзақ мерзімділікті қамтамасыз ететін материалдар пайдаланылуы тиіс;
* аумақтың табиғи-ландшафттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
4. Құрылыс қалдықтарын басқаруға қойылатын талаптар
4.1. Пайдаланушы:
* құрылыс барысында пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды және шығаруды ұйымдастыруға;
* қалдықтарды тиісті рұқсат құжаттары бар мамандандырылған ұйымдарға беруді қамтамасыз етуге;
* құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс қалдықтарынан жер учаскесін толық тазартуға міндетті.
4.2. Жер учаскесі аумағында құрылыс қалдықтарын көмуге және өртеуге жол берілмейді.
5. Жобалау және құрылыс мерзімдеріне қойылатын талаптар
5.1. Жобалық құжаттаманы әзірлеу шарт жасалған күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
5.2. Құрылыс мерзімі жобалық немесе эскиздік құжаттама бекітілген күннен бастап үш күнтізбелік жылдан аспауы тиіс.
6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
6.1. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында жобалау және құрылыс кезінде келесі іс-шаралар көзделеді.
* пайдалану сенімділігін және процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін заманауи конструкциялық және технологиялық шешімдерді енгізу;
* бүкіл құрылыс аумағын абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық-қорғау аймағын қалыптастыруды ескере отырып, учаске шекарасы бойына ағаштар мен бұталар отырғызу.
7. Бұзуға жататын объектілерге байланысты келтірілген залалды өтеу талаптары
7.1. Құрылыс салынатын жер учаскесінде бұзуға жататын жылжымайтын мүлік объектілері болған жағдайда, пайдаланушы:
* жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеуге;
* конструкцияларды бөлшектеуді және шығаруды қамтамасыз етуге;
* Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 7-тармағына сәйкес құрылыс жұмыстары басталғанға дейін өзге де залалдарды өтеуге міндетті.