I тарау. Кіріспе
Осы конкурстық құжаттама тендерді ұйымдастырушы тарапынан «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының РММ аумағындағы жер учаскесін пайдалануға беру жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға ұсынылатын әлеуетті конкурсқа қатысушыларға арналған (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Конкурстың мәні
1. Осы конкурстық құжаттама әлеуетті конкурсқа қатысушыларға олардың конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
2. Конкурсты ұйымдастырушы – «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Ертіс орманы» резерваты).
3. Конкурс «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында туристік және рекреациялық мақсаттағы жаңа инфрақұрылым объектілерін құру үшін жер учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға алу құқығына әлеуетті тендерге қатысушыларды айқындау мақсатында келесі лоттар бойынша өткізіледі:
|
к/б№ |
Лоттар |
Нысанның атауы |
Орналасқан жері және аумақтың көлемі |
Нысаналы мақсаты |
|
1 |
14 |
Демалыс аймағы |
Ботабас, 167 орам, 1,2,3 телім, аумағы 1 га |
Орман алқабының шетінде рекреациялық туристік аймақты құру және абаттандыру – келушілердің жайлы, қауіпсіз әрі экологиялық жауапты демалысын ұйымдастыру, аумақтың туристік тартымдылығын арттыру және табиғи кешеннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. |
|
2 |
15 |
Демалыс аймағы |
Басқұдық, 53 орам, 5 телім, аумағы 1,5 га |
Халық пен туристердің белсенді демалысын ұйымдастыру, спорттық-ойын-сауық іс-шараларын өткізу және экологиялық бағыттағы бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жайлы, қауіпсіз әрі абаттандырылған орта қалыптастыра отырып, көпфункционалды туристік-рекреациялық нысан құру. |
|
3 |
16 |
Демалыс аймағы |
Бауыртал, 89 орам, 10 телім, аумағы 1,5 га |
Келушілердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді демалысын ұйымдастыру, экологиялық, отбасылық және ішкі туризмді дамыту, орман ландшафтын сақтай отырып және экологиялық әрі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, азаматтардың табиғи ортада жайлы демалуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық бағыттағы туристік-рекреациялық кешен құру. |
2. Әлеуетті қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі мен біліктілігі
4. Конкурсқа «Ертіс орманы» резерватының учаскесін қолданыстағы инфрақұрылымымен бірге және туристік әрі рекреациялық мақсаттағы жаңа инфрақұрылым құру үшін қысқа мерзімді пайдалануға алу мақсатында конкурсқа қатысуға ниет білдірген, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жіберіледі.
5. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін ұсынуға тиіс.
II тарау. Тендерлік құжаттама
1. Тендерлік құжаттаманың мазмұны
6. Тендерлік құжаттама, тендерді ұйымдастырушы тарапынан әлеуетті қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттама төмендегілерді қамтиды:
1. бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге (тендерлерге) шығарылатын лот (лоттар);
2. тендердің өткізілу уақыты мен орны туралы ақпарат;
3. тендерлік өтінімдерді беру тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімі;
4. жер учаскесін пайдалануға беру шарттары, нысаналы мақсаты және оның техникалық мамандануы (№1 қосымша);
5. эскиздік жобаны әзірлеу және күрделі емес құрылыс объектілерін орнату мерзімдері (бұл ретте эскиздік жобаны әзірлеу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспауы тиіс, ал күрделі емес құрылыс объектілерін орналастыру мерзімі үш күнтізбелік жылдан аспауы тиіс);
6. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға, құрылыс объектісі аумағын абаттандыруға, қабаттылыққа, құрылыс барысында қолданылатын материалдарға, құрылыс кезінде пайда болатын қалдықтарды басқаруға қойылатын талаптар (№1 қосымша);
7. жер учаскесін таңдау актісі, оның алаңы көрсетіліп, сызбасы қоса берілген (қоса беріледі).
7) Әлеуетті тендерге қатысушы тендерлік құжаттамада және оның қосымшаларында қамтылған барлық талаптарды, нысандарды және шарттарды мұқият зерделеуге тиіс.
8) Тендерлік құжаттама «Ертіс орманы» резерватының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
9) Әлеуетті қатысушы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға бөлінген учаскемен өз қаражаты есебінен танысуға құқылы.
10) Әлеуетті қатысушы тендерге қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде тендерлік өтінімді ресімдеу, дайындау және ұсыну шығындарын дербес көтереді. Тендерді ұйымдастырушы тендер нәтижелеріне қарамастан, оның ішінде тендер тоқтатылған, өткізілмеген деп танылған немесе қатысушы жеңімпаз деп танылмаған жағдайда да аталған шығындарды өтеуге міндетті емес.
11) Конкурстық құжаттаманың көшірмесі конкурсты ұйымдастырушы тарапынан беріледі.
2. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру
12. Конкурстық құжаттама жобасы конгкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын тендерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Конкурстық құжаттама жобасын әлеуетті қатысушылардың алдын ала талқылау мерзімі бес күнтізбелік күнді құрайды.
13. конкурстық құжаттама жобасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, оны талқылауға қатысатын тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау жолдайды және қажет болған жағдайда оған негізделген ұсыныстар енгізеді.
14. Конкурстық құжаттама жобасына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бір жұмыс күні ішінде бекітеді. Ал ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, «Ертіс орманы» резерваты жанындағы үйлестіру кеңесі конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде келесі ұсыныстардың бірін енгізеді:
1) конкурстық құжаттама жобасын өзгерту және (немесе) толықтыру;
2) конкурстық құжаттама жобасына берілген ескертулерді олардың қабылданбау себептерін негіздей отырып қабылдамау;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру.
Алдын ала талқылау қорытындысы бойынша «Ертіс орманы» резерваты бір күндік мерзім ішінде тиісті хаттамаға қол қояды, онда конурстық құжаттама жобасына келіп түскен ескертулер және үйлестіру кеңесінің қабылдаған ұсыныстары туралы ақпарат қамтылады.
Конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды. Бұдан кейін алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтіні «Ертіс орманы» резерватының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурстық құжаттама көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бекітілген болып есептеледі.
III Тарау. Конкурстық өтінімнің мазмұны мен тілі
14. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы ұсынатын конкурстық өтінім төмендегілерді қамтуы тиіс:
1) лоттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы конкурстық өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) техникалық ерекшеліктер (ұсынылатын жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы, оның ішінде спецификациялар, жоспарлар, сызбалар, эскиздер);
4) пайдаланушы аумағында орналасқан табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау ескеріле отырып;
5) объектілерді салуға жеткілікті қаржы қаражатының бар екендігін және (немесе) қарыз қаражатына қолжетімділікті және (немесе) құрылысқа қажетті тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігін растайтын құжаттар. Қаржы қаражатының болуы конкурсқа қатысу үшін ұсынылғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей екінші деңгейдегі банк берген анықтамамен расталады. Конкурсқа қатысушы жобаның бизнес-жоспарын және оның қаржылық-экономикалық моделін қоса ұсынады;
6) салынатын объектілердің болжамды эскизі (эскиздік жоба);
7) туристік және рекреациялық мақсатта табиғи кешендерді, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді пайдаланғаны үшін ұсынылатын баға.
15. Әлеуетті қатысушы дайындаған конкурстық өтінім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде рәсімделіп, ұсынылады.
IV Тарау. «Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді беру.
1. Конкурстық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар.»
16. Конкурсқа қатысуға арналған конурстық өтінім баспа түрінде немесе өшпейтін сиямен толтырылуы тиіс, әлеуетті қатысушының өзі немесе оның уәкілетті өкілі қол қоюы және мөрмен (бар болған жағдайда) бекітілуі қажет.
17. Конкурстық өтінім тігіліп, беттері нөмірленген және бау өткізілген түрде рәсімделеді. Соңғы беті әлеуетті қатысушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолымен расталып, мөрмен (бар болған жағдайда) бекітіледі.
18. Конкурстық өтінімде жоларалық қосымшалар, өшірулер немесе түзетулер болмауы тиіс, грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету жағдайларын қоспағанда. Барлық түзетулер ескертіліп, әлеуетті қатысушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолымен расталуы тиіс.
19. Әлеуетті қатысушы конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімді мөрленген конвертке салады. Конверттің сыртында міндетті түрде көрсетіледі:
1) әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (белгіленген мерзім бұзылып берілген жағдайда конкурстық өтінімді ашпай қайтару үшін);
2) конкурсты ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы:
141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кабинеті;
3) конкурстың толық атауы: ««Ертіс орманы» МОТР РММ учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер», сондай-ақ келесі жазу:
«___ «___» 2026 жылға дейін, сағат 00 минутқа дейін АШЫЛМАСЫН» (конкурс өткізу туралы хабарландыруға сәйкес конвертті ашу күні мен уақыты көрсетіледі).
20. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап оны тендерді ұйымдастырушыға ұсынған тұлға конкурсқа қатысушы мәртебесін алады.
2. Конкурстық өтінімдерді беру тәсілі, орны және соңғы мерзімі
3. Конкурстық өтінімдер әлеуетті қатысушылар тарапынан тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжай бойынша ұсынылады: индекс 141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің кабинеті.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: «___» ________ 2026 жыл, сағат 18:00.
22. Конкурсты ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) белгіленген соңғы мерзім өткеннен кейін алынған барлық конкурстық өтінімдерді қабылдамайды, ашпайды және оларды ұсынған әлеуетті қатысушыларға қайтарады.
23. Конкурстық өтінімдер осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы тиіс.
3. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
4. Әлеуетті қатысушы конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. Өзгерту өтінімі негізгі конкурстық өтінім сияқты дайындалып, мөрленіп және ұсынылуы тиіс, сондай-ақ «КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМГЕ ӨЗГЕРІС» деген белгі қойылуы қажет. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама тек ол конкурсты ұйымдастырушыға тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда ғана жарамды болып есептеледі.
25. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
VI тарау. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау
1. Комиссияның конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуы
26. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуды Комиссия хатшысы «___» ________ 2026 жылы сағат 00:00-де келесі мекенжай бойынша жүзеге асырады: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесі, 60, «Ертіс орманы» МОТР РММ. Комиссия мүшелерінің қатысуымен хатшы конкурсқа берілген өтінімдер салынған конверттерді кезекпен ашып, өтініш берушінің атауын және конверттердің мазмұнын жариялайды.
27. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні Комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды. Бұл хаттама Комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады және оның куәландырылған көшірмелері конкурсқа қатысушыларға ұсынылады.
2. Конкурстық өтінімдерді алдын ала зерделеу және қарау
28. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді қарау Комиссия тарапынан конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
29. Конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде Комиссия қатысушылардан конкурстық өтінімдеріне қатысты түсіндірме беруді жазбаша түрде сұратуға құқылы, бұл өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруды жеңілдету мақсатында жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
Комиссияның конкурстық өтінімді кокурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге бағытталған сұраулар, келіссөздер немесе өзге де әрекеттер жасауына, сондай-ақ өтінім беру мерзімі өткеннен кейін оның мазмұнына өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
30. Конкурстық өтінімде түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болған жағдайда, оның мәнін өзгертпей түзетуге мүмкіндік берілсе, Комиссия оны конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
31. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Комиссия тарапынан қарауға қабылданбайды, егер оларда Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі немесе бірнешеуі жоқ болса немесе өтінімді толтыру талаптарына сәйкес келмесе.
3. Қысқа мерзімді жер пайдалану мерзімін айқындау тәртібі
32. Жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға беру мерзімі конкурс нәтижелері бойынша, конкурстық өтінім құрамында әлеуетті қатысушы ұсынған инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жиынтық бағалауын ескере отырып айқындалады.
33. Қысқа мерзімді жер пайдалану мерзімін айқындау келесі факторлар негізінде жүзеге асырылады:
1) жер учаскесінің орналасқан жері;
2) жер учаскесінің инженерлік және көлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;
3) жоспарланатын капитал салымдарының көлемі;
4) инвестициялық жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі;
5) құрылатын жұмыс орындарының саны.
34. Қысқа мерзімді жер пайдалану мерзімі жобаның инвестициялық тартымдылық деңгейіне, конкурсқа қатысушының қаржылық-экономикалық моделінің негізділігіне, сондай-ақ жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік әсерге байланысты белгіленеді.
35. Қысқа мерзімді жер пайдалану мерзімінің түпкілікті мерзімі Комиссия шешімімен белгіленеді және конкурс жеңімпазымен жасалатын жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану шартында бекітілуге жатады.
36. Көрсетілген өлшемшарттар конкурстық құжаттаманың міндетті бөлігі болып табылады және «Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында орналасқан жер учаскелерін беру бойынша конкурстық өтінімдерді қарау және бағалау кезінде қолданылады.
VII тарау. Жеңімпаз конкурстық өтінімді айқындау және шарт жасасу
37. Конкурстық өтінімдерді бағалау конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Комиссиямен жүргізіледі.
38. Конкурстық өтінімдерді бағалау Комиссия тарапынан жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалану үшін ең тиімді шарттарды ұсынған қатысушыны айқындау қағидатына негізделе отырып, Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
39. Басқа үміткерлер болмаған жағдайда, Қағидалардың 23-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған жалғыз қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады.
40. Егер қатысушылардың конкурстық өтінімдері Комиссия тарапынан конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, конкурс өтпеді деп есептеледі.
41. Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана конкурс жеңімпазын анықтау бойынша Комиссия отырысы өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысын алған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Комиссия мүшесі Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін жазбаша түрде білдіріп, оны «Ертіс орманы» МОТР РММ учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру жөніндегі конкурс қорытындысының хаттамасына (бұдан әрі – конкурс қорытындысының хаттамасы) қоса береді.
42. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындысының хаттамасына Комиссияның барлық қатысқан мүшелері мен хатшысы қол қояды және онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтініш берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) қысқа мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері мен алаңы;
4) конкурстық өтінімдерді бағалау;
5) Комиссияның шешімі.
43. Конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылған сәттен бастап «Ертіс орманы» резерваты конкурс жеңімпазына тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені қысқа мерзімді пайдалану туралы шартты (бұдан әрі – шарт) бес жұмыс күні ішінде жасасады. Шарт жасалғаннан кейін жеңімпаз «Ертіс орманы» резерваты учаскесін пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) деп танылады.
44. Конкурс жеңімпазы хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарт жасасуға келмеген жағдайда, бұл «Ертіс орманы» резерваты учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қарастырылады. Комиссия Қағидалардың 23 және 30-тармақтарына сәйкес қалған қатысушылар арасынан қысқа мерзімді пайдаланудың ең тиімді шарттарын ұсынған жеңімпазды қайта айқындайды және (немесе) аталған лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
45. Конкурс нәтижелері мен хаттамасы «Ертіс орманы» резерваты тарапынан конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста жарияланады.
46. Қатысушы Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана мүмкін болады.
47. Шарт жасалған күннен бастап пайдаланушы бір күнтізбелік жыл ішінде эскиздік жобаны дайындап, оны құрылыс күнтізбелік жоспарымен бірге «Ертіс орманы» резерватына ұсынады.
48. «Ертіс орманы» резерваты эскиздік жоба мен құрылыс күнтізбелік жоспары ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны келісуден өткізеді.
49. Пайдаланушы эскиздік жобаны «Ертіс орманымен» келісуді 30 күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
50. Пайдаланушы «Ертіс орманы» резерватының оң келісімін алғаннан кейін, бұл туралы резерватты жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, күрделі емес құрылыс объектілерін салуды бастайды.
51. Эскиздік жобаны уақтылы әзірлемеген және (немесе) тендерлік құжаттамада белгіленген күрделі емес құрылыс объектілерін орнату мерзімдерін бұзған жағдайда, «Ертіс орманы» резерваты шартты біржақты тәртіппен бұзады.
52. Пайдаланушы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін берілген учаскеден бас тартқан жағдайда, ол құрылыс объектілерін бөлшектеп, алып тастайды және оларды қабылдау-тапсыру актісі бойынша «Ертіс орманы» резерватына тапсырады.
VIII Тарау. Құрылыс бойынша талаптар
1. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қойылатын талаптар
1.1. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы:
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген эскиз (эскиздік жоба) негізінде;
* Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1.2. Жобалық шешімдер объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін, қоршаған ортаға ең аз әсерді және аумақтың функционалдық мақсатына сәйкестікті қамтамасыз етуі тиіс.
2. Іргелес аумақты абаттандыруға қойылатын талаптар
2.1. Пайдаланушы құрылыс объектісінің аумағын кешенді абаттандыруды көздеуге міндетті, оның ішінде:
* осы табиғи аймаққа тән өсімдік түрлерін пайдалана отырып аумақты көгалдандыру;
* жаяу жүрушілер жолдары мен алаңдар жасау;
* қоршаулар орнату (қажет болған жағдайда);
* шағын сәулет нысандарын орналастыру;
* бұзылған топырақ-өсімдік жабынын қалпына келтіру.
2.2. Абаттандыру жұмыстары объектінің құрылысымен бір мезгілде орындалуы тиіс.
3. Қабаттылыққа және қолданылатын құрылыс материалдарына қойылатын талаптар
3.1. Объектілерді жобалау және салу кезінде:
* қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің (ҚНжЕ ҚР, ЕЖ ҚР, санитариялық нормалар мен ережелер) талаптары сақталуы тиіс;
* бекітілген эскиздік жобаның параметрлеріне сәйкестік қамтамасыз етілуі тиіс;
* экологиялық қауіпсіз және сертификатталған құрылыс материалдары қолданылуы тиіс;
* энергия тиімділігі мен ұзақ мерзімділікті қамтамасыз ететін материалдар пайдаланылуы тиіс;
* аумақтың табиғи-ландшафттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
4. Құрылыс қалдықтарын басқаруға қойылатын талаптар
4.1. Пайдаланушы:
* құрылыс барысында пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды және шығаруды ұйымдастыруға;
* қалдықтарды тиісті рұқсат құжаттары бар мамандандырылған ұйымдарға беруді қамтамасыз етуге;
* құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс қалдықтарынан жер учаскесін толық тазартуға міндетті.
4.2. Жер учаскесі аумағында құрылыс қалдықтарын көмуге және өртеуге жол берілмейді.
5. Жобалау және құрылыс мерзімдеріне қойылатын талаптар
5.1. Жобалық құжаттаманы әзірлеу шарт жасалған күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
5.2. Құрылыс мерзімі жобалық немесе эскиздік құжаттама бекітілген күннен бастап үш күнтізбелік жылдан аспауы тиіс.
6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
6.1. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында жобалау және құрылыс кезінде келесі іс-шаралар көзделеді.
* пайдалану сенімділігін және процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін заманауи конструкциялық және технологиялық шешімдерді енгізу;
* бүкіл құрылыс аумағын абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық-қорғау аймағын қалыптастыруды ескере отырып, учаске шекарасы бойына ағаштар мен бұталар отырғызу.
7. Бұзуға жататын объектілерге байланысты келтірілген залалды өтеу талаптары
7.1. Құрылыс салынатын жер учаскесінде бұзуға жататын жылжымайтын мүлік объектілері болған жағдайда, пайдаланушы:
* жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеуге;
* конструкцияларды бөлшектеуді және шығаруды қамтамасыз етуге;
* Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 7-тармағына сәйкес құрылыс жұмыстары басталғанға дейін өзге де залалдарды өтеуге міндетті.