Қазақстан Республикасы Президентінің елді ауқымды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарлануда.
🌲 Бұл бастаманы жүзеге асыруға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты да өз үлесін қосуда. Бүгін орманды қалпына келтіру жұмыстарының маңызды кезеңі — орман тұқымбағында көшеттерді қазып алу басталды.
🌱 Қазылып алынған көшеттер мұқият іріктеліп, өрттен және табиғи факторлардан зардап шеккен аумақтарға отырғызуға дайындалады. Мамандар жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық агротехникалық талаптарды сақтауда.
🌳 Орманды қалпына келтіру — бұл тек ағаш отырғызу емес, бұл ел болашағына қосқан үлес, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық жағдайды жақсарту.
🤝 Табиғатты сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз!
#ЖасылҚазақстан #ЕртісОрманы #ОрманҚалпынаКелтіру #Экология




