Жыл сайын желтоқсанда мереке жақындаған сайын халық арасында жаңа жылдың символы шыршаға сұраныс артады.
Жаңа жыл қарсаңында «Ертіс орманы» МОТР РММ жас қылқан жапырақты ормандарды қорғауды күшейту мақсатында бұйрық құрды.
1 желтоқсаннан бастап 19 рейдтік мобильді топ әзірленген маршрут пен кесте бойынша орман қорын күзетеді.
Орманшылар үшін желтоқсан - қарбалас кезең, олар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Орманшылар еліміздің маңызды табиғи ресурстарының бірі орманға ұқыптылықпен қарау керектігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас өскіндерді жоюға жол бермеу, қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау, заңсыз ағаш кесу және орман екпелерін бүлдіру үшін жауапкершілікті көздейді.
Халық контейнерлердегі тірі қарағайды немесе бұтақтарды ғана сатып ала алады.
Жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан айлары) қылқан жапырақты жас ағаштарды жойғаны немесе бүлдіргені үшін бір дана үшін залал 15 АЕК (51750 теңге) құрайды. Сондай-ақ, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 3-бөлімінің 381-1-бабына сәйкес 150 АЕК (517500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.
100 АЕК-тен астам залал келтірілген жағдайда бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
Қарағайларды өз бетімен кесуге қатаң тыйым салынады!
Егер Сіз шыршаларды заңсыз кесудің куәгерлері болсаңыз келесі телефон номерлері арқылы байланысуларыңызды сұраймыз :
8718278-77-32, 87182787732 немесе 102 (тәулік бойы)