“Таза Қазақстан – Таза өлке” экологиялық акциясы аясында “Жас орманшы” мектеп орманшылығының оқушылары Шақа ауылында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, экологиялық тәрбие мен табиғатқа жанашырлықты насихаттау мақсат етілді.
Бұл бастама – өскелең ұрпақты табиғатты сүюге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудің жарқын үлгісі.