«Ертіс орманы» МОТР РММ туризм бөлімінің мамандары Шалдай ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында мектеп орманшылық «Жас орманшы» мүшелері үшін «Қысқы драйв» мини-турнирін мектеп орманшылық жоспарына сәйкес өткізді.
Балалар жарыстарға белсенді қатысып, ептілік, тапқырлық және командалық рухтарын көрсетті, логикалық тапсырмаларды шешіп, таза ауада қызықты міндеттерді орындады. Қысқы ауа райы да балаларға көңілді әрі қызықты уақыт өткізуге кедергі болмады!
Бұл шара балаларға денсаулықтарын нығайтуға, уақыттарын пайдалы өткізуге және табиғатқа қамқорлық жасау мен экологияның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.









