Туризм бөлімінің мамандары Шалдай орта мектебінің "Жас орманшы" мектеп орманшылығының мүшелерімен бірлесіп II типті орталық ОӨСС ( орман өртін сөндіру станциясына) барды. Станция басшысы - И. Е. Лощенов балаларға орман өрті деген не екенін, сондай-ақ өрт сөндірушілердің күрделі және қауіпті жұмысы туралы айтып берді:
Орман өртін сөндіру мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- орман өртінің жиегінде таралуын тоқтату;
- өртті оқшаулау;
- өрттің ішінде қалған жанып жатқан ошақтарды сөндіру;
- қарауылдау (өрт болған орман алқабын тұрақты тексеру және жаңа өрт ошақтары пайда болған жағдайда сөндіру).
Өртті тоқтату және оқшаулау ең қиын және уақытты қажет етеді. Өртті оқшаулау оны сөндіру жұмыстарының шешуші кезеңі болып табылады.
ОӨСС қызметкерлері оқушыларға өртті сөндіру процесін көрсетті.
Экскурсия балаларға өрттің – апат екенін және өртті сөндіру - шеберлердің ісі екенін көрсетті.