"Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында жабайы жануарлардың санын сақтау және ұлғайту мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын жануарлар дүниесін қорғау және биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізеді.


Жаздың ыстық мезгілінде жабайы жануарларды сумен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, негізгі биотехнологиялық шаралардың бірі-жасанды суару құрылғылары болып табылады. Осы орайда аңшылықтанушылар жасанды суару құрылғыларын тазалап отырады. Құрғақ климатқа байланысты биотехникалық шаралардың бұл түрі маңызды. Сусыз тіршілік жоқ. Су ресурстарының арқасында орман тұрғындарының саны төмендемейді, тек көбейеді.
Жергілікті тұрғындармен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары, мектеп оқушыларына арналған дәрістер мен сыныптан тыс сағаттарда өткізілуде.
Жануарларды суару және тамақтандыру ғана емес, сонымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулауды білмейтін әуесқойлардан сақтау керек. ЕҚТА аумағында заңсыз аң аулағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.
Табиғат қорғау заңнамасының ережелерін сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз.