Арбиген мектебі оқушылары «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Жасыл орман – Жас ұрпақ» шарасына белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында оқушылар табиғаттың маңыздылығы туралы мағлұмат алып, қарағай тұқымдарын отырғызуға қатысты.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәдениетке баулу, қоршаған ортаны аялауға үйрету және жасыл желектерді көбейту. Бұл іс-шара арқылы оқушылар табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсініп, қоршаған ортаны қорғау бойынша маңызды тәжірибе жинақтады.
Арбиген мектебі оқушыларының белсенділігі табиғатты аялау жолындағы игі бастамалардың жарқын үлгісі болды. Экологиялық акциялар әрі қарай да жалғасып, көптеген қатысушыларды біріктіруді көздейді.