Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі «Семей орманы» МОТР РММ аумағындағы ірі орман өртін сөндіруге қатысқан «Ертіс орманы» МОТР РММ қызметкерлеріне Президент медальдарын табыстады.

Өртпен күрес кезінде көрсеткен батылдығы, жанқиярлығы және жоғары кәсібилігі үшін:

Азамат Мұхаммед-Садықұлы Уваков- Шалдай филиалының орман қорғау инженері;

Каиргельды Базарбайұлы Утинов - Бесқарағай филиалының ОӨСС өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;

Талгат Михаилович Мусатаев - Бесқарағай филиалының ОӨСС өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі марапатталды.

Орман өртін сөндіру — үлкен төзімділікті, кәсібилікті және ең күрделі жағдайда батыл әрекет етуді талап ететін жауапты қызмет. Әріптестеріміз тілсіз жаумен күресте өз міндеттерін абыроймен атқарып, ерлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымы әріптестерімізді жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтайды! Зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне толағай табыс тілейміз!

Қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз! 🇰🇿

 

 

image-11-09-26-09-43-4.jpegimage-11-09-26-09-43.jpegimage-11-09-26-09-43-1.jpegimage-11-09-26-09-43-2.jpegimage-11-09-26-09-43-3.jpeg