Табиғатты қорғау қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі өз нәтижесін беруде!

Шалдай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары кезекті аумақты аралау кезінде еліктер тобын кездестірді.

Жануарлардың табиғи ортада алаңсыз жүруі – олардың қауіпсіздік пен қамқорлықта екенін айқын көрсетеді.

Бұл жағдай орманды аумақтарды қорғау, табиғатты сақтау және жануарлар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін дәлелдейді.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз. Біз болашақ ұрпаққа бай және таза табиғатты қалдыру үшін еңбек етудеміз!

 

77.jpeg