Құстар күні қарсаңында табиғатқа жанашыр азаматтар игі істер атқаруда. Ұлттық өнерді ұлықтаған ұлағатты ұстаз, ағаш шебері Мусаев Болатхан Оразғалиұлы өз қолымен жасалған құстарға арналған ұяларды сыйға тартты. Бұл ізгі іс табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың белгісі.
Болатхан Оразғалиұлы – ағаш ұстасы ретінде көпшіліктің құрметіне бөленген жан. Оның жасаған туындылары тек әдемі ғана емес, экологиялық маңызға ие. Құстарға арналған ұялар – олардың көктемгі ұя салуына, өсіп-өнуіне үлкен көмек.
Осындай игі бастамалар табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтауға септігін тигізеді. Баршаңызды табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға шақырамыз!