«Марш парктер» табиғат қорғау акциясы аясында «Ертіс орманы» МОТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Шалдай орта мектебінің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне «Пластикке екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері, оларды азайту жолдары және қайта өңдеудің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Практикалық бөлімде балалар пайдаланылған пластик материалдардан түрлі пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасап, оларға жаңа өмір сыйлады.
Шеберлік сабағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсінуге ықпал етті.
🌱 Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастыруға септігін тигізеді.







