Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні аясында резерват аумағында бірқатар биотехникалық іс-шаралар өткізілуде. Іс-шаралар жануарлардың тіршілік ортасын жақсартуға және табиғи экожүйелерді қорғауға бағытталған.

Іс-шаралар жоспары:
- Қыс мезгіліне дайындық ретінде жабайы жануарлар үшін жем-шөп дайындау және тарату;
- Суаттарды тазарту және жабайы аңдардың суға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Бақылау камералары арқылы жануарлардың қозғалысын қадағалау және олардың санын есепке алу.

Бұл жұмыстар табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Резерват қызметкерлері жануарлардың табиғи мекендеу ортасын сақтау үшін бар күш-жігерін салуда.

Бәріміз бірге табиғатты және жануарлар әлемін қорғайық!