Жыл сайын 5 маусымда әлем Дүниежүзілік қоршаған орта күнін атап өтеді. Бұл күн 1972 жылы БҰҰ тарапынан бекітілген және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударуға арналған.

Қоршаған орта – біздің ғаламшарымыздың болашағының кепілі. Алайда бүгінгі таңда табиғат ластану, ормандардың жойылуы, климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрліліктің азаюы сияқты қауіп-қатерлерге тап болуда.

Резерватымыз табиғатты қорғауға өз үлесін қосуда. Біздің бастамаларымыз:
- экологиялық білім беру шараларын ұйымдастыру,
- ғылыми зерттеулер жүргізу,
- экожүйелерді қалпына келтіру және қорғау.

Осы ерекше күні біз әрбір адамды табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырамыз:
- ресурстарды үнемдеу,
- тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау,
- экологиялық жобаларға қолдау көрсету – бұл біздің табиғатқа қамқорлығымыздың көрінісі.

Болашақ үшін табиғатты бірге қорғайық!