Шалдай филиалында тәжірибелі орман шаруашылығы ардагері Садыков Сайлау Алимович аңшылықтанушылармен кездесу өткізіп, өзінің баға жетпес білімдері мен тәжірибесін бөлісті.
Кездесу барысында орманды қорғау, жануарлар дүниесін сақтау бойынша пайдалы ақпараттар талқыланды. Қатысушылар ардагердің кәсіби кеңестерінен шабыт алып, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.
🔍 Бұл оқыту аңшылықтанушылар үшін өте пайдалы әрі маңызды болды, себебі олар орман шаруашылығындағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру және табиғатты қорғау саласында қосымша білім алды.