8 сәуір күні туризм бөлімінің мамандары, Н. Нұрмағамбетов атындағы музей қызметкерлері және География үйінің өкілдері бірлесіп, Павлодар қаласындағы №11 мектеп оқушыларына экологиялық-ағартушылық іс-шара өткізді. №11 мектептен бөлек, бұл экологиялық бастамаға Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері мен дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де қатысты. Кездесу жыл сайын өтетін халықаралық «Парктер шеруі» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар оқушыларға «Парктер шеруі» акциясының тарихы мен мақсаттары туралы айтып, оның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдауға бағытталғанын түсіндірді.
Іс-шара барысында құстардың табиғаттағы рөліне ерекше назар аударылды. Мамандар оқушылармен бірге құстардың қала экожүйесіндегі тепе-теңдікті сақтауға қалай көмектесетінін және әсіресе көктем мезгілінде оларды неге қорғау қажет екенін талқылады.
Кездесудің қорытындысы ретінде мектеп аумағында құс ұялары (скворечник) ілінді. Оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, құстарға ұя салатын орындар дайындады.
Осындай музей қызметкерлері, географтар және туризм мамандарының бірлескен бастамалары жастардың туған табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастырып, туған өлкенің экологиясын зерттеуге деген қызығушылығын арттырады. Бұл акция оқушылардың білімін толықтырып қана қоймай, мектеп аумағын көркейтуге нақты үлес қосты.

 

 

image-10-04-26-11-07.jpgimage-10-04-26-11-07-1.jpgimage-10-04-26-11-07-2.jpgimage-10-04-26-11-07-3.jpgimage-10-04-26-11-07-4.jpgimage-10-04-26-11-07-5.jpg