«Ертіс орманы» МОТР РММ-ның Шалдай филиалында орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлерінен дене даярлығы бойынша сынақтар қабылданды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жеке құрамның орман өрттеріне жедел әрекет етуге кәсіби дайындығын тексеру, сондай-ақ қызметкерлердің дене төзімділігі мен практикалық дағдыларын бағалау болды.
Сынақ барысында қызметкерлер өрт техникасы мен өрт-техникалық жабдықтарды пайдалана отырып, дене даярлығы нормативтерін орындады. Техниканы жаю және өрт сөндіру жеңқұбыр желілерін тарту кезіндегі жылдамдыққа, төзімділікке және үйлесімді іс-қимылдарға ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу өрт қауіпті кезеңде орман өрт сөндіру бөлімшелерінің жоғары дайындық деңгейін сақтауға және жеке құрам арасындағы командалық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
#ЕртісОрманы #ШалдайФилиалы#ОрманҚорғау #ОрманӨрті #ӨртҚауіпсіздігі #ОрмандыҚорғау #ӨртҚауіптіКезең





